Иран президенті Масуд Пезешкиан Израильдің Тегеранға жасаған соққысы кезінде жарақат алғаны енді айтылып отыр. Бұл туралы Fars агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Шетелдік БАҚ мәліметінше, 16 маусым күні елдің ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің отырысы кезінде әуеден соққы жасалған.
«Израиль әскері алты зымыранмен кешеннің кіреберісі мен шығаберісін атқылады. Эвакуация барысында президент пен бірқатар ресми тұлға аяқтарынан жарақат алды. Дәрігерлер жарақаттың ауырлық дәрежесін жеңіл деп бағалады»,– делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Иранның АҚШ-пен ядролық келісім бойынша келіссөздерге қайта оралуға дайын екендігі белгілі болған еді.