“Жарып жіберемін”. Алматыда жасөспірім терроризм туралы жалған хабар таратқан

1178
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0DaNa20mCgdklixn5zxl6VzC9gGydRxrtZPGxOcl.webp

Алматыда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жіберген жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға 14 жасар бозбаланың WhatsApp желісі арқылы белгісіз тұрғынның нөміріне Медеу ауданындағы тұрғын үйді жармақ ниеті бар екендігін жазғанынан кейін тіркелген.

«Ақпарат шұғыл ден қоюды талап етті. Мекенжайға жедел қызметтердің барлық өкілі жіберіліп, саперлер ғимаратты тексерді. Жарылғыш заттар табылған жоқ, хабарламаның жалған екені расталды», – деді полиция өкілдері.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жалған ақпараттың авторы бір сағат ішінде анықталған. Ол – дәл сол үйдің 14 жастағы тұрғыны болып шықты. Жасөспірім өз кінәсін мойындап, бұл әрекетті бұзақылық ниетпен жасағанын айтқан.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі Алматы қалалық полиция департаментінің Тергеу басқармасы жүргізіп жатыр.

Полиция өкілдері азаматтарға мұндай әрекеттердің салдары ауыр екенін ескертіп, терроризмге қатысты жалған хабарлама таратқандарға алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.

评论