"Трампты" өртеді. Бразилияда бір топ халық баж салығына қарсы шықты

1633
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3cLxKTrLS0McCAfYwb2T7YftqMmi2mSi4W9EEQTd.jpg

Бразилия халқы АҚШ билігінің елге қарсы жаңа тарифтік шектеулер енгізуіне наразылық танытып, Сан-Паулу қаласында ірі митинг өткізді, деп хабарлайды "Адырна"  ұлттық порталы.

Наразылық акциясын елдегі солшыл партиялар, қоғамдық ұйымдар мен кәсіподақ өкілдері ұйымдастырған. Олар Америка Құрама Штаттарының Бразилия өнімдеріне 50 пайыздық баж салығын енгізуіне қарсы екенін ашық білдірді.

Жиналғандар АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың тұлыптарын өртеп, оны Бразилияның экс-президенті Джаир Болсонаруға қолдау көрсеткені үшін сынға алды. Еске салайық, Болсонароға 2030 жылға дейін сайлауға қатысуға тыйым салынған, алайда Трамптың оны қолдауы бразилиялықтар арасында ашу-ызаны күшейтті.

"Бұл – тек экономикалық шектеу емес, біздің егемендігімізге жасалған қысым", – деді митингке қатысушылардың бірі.

Қатысушылар америкалық саясатты "империалистік және әділетсіз" деп бағалап, Вашингтонға қарсы бірқатар экономикалық және дипломатиялық шаралар қабылдауды үкіметтен талап етті.

相关新闻

评论
相关新闻