Оралда құмар ойын ойнаған бір топ шенеунік қызметтен кетті

890
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/oTuY2QYp3qbZbaWI5UVvGaX9hu2q3GjgtLTKpMqp.webp

Орал қаласы әкімдігінің, мемлекеттік кірістер және қалалық полиция басқармаларының бірқатар лауазымды тұлғалары бұқаралық онлайн-букмекерлік платформалар арқылы құмар ойындарға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

2024 жылдың 15 наурызында Атырауда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салу жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған байланысты 2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап заңнамаға өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік қызметшілердің бәс тігуі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу ретінде танылады.

Прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде Орал қаласы әкімдігі, мемлекеттік кірістер басқармасы және полиция басқармасындағы кейбір қызметкерлердің букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға қатысқаны анықталған.

"Қадағалау нәтижесінде 24 шенеунік тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 16 қызметкер жұмыстан босатылды", – деп хабарлады БҚО прокуратурасы.

Атап айтқанда, «OLIMPBET» компаниясының мәліметінше, Орал қаласы әкімдігінің бір қызметкері 2021 жылғы 5 маусымнан 2025 жылғы 22 қаңтарға дейін өзінің жеке шотына 34 миллион теңгеден астам қаражат салып, оның бір бөлігін ұтылған. Заңнама күшіне енгеннен кейін ол 1,7 миллион теңге салып, оның 971 мың теңгесін жоғалтқан. Осы фактілерге байланысты аталған қызметкер лауазымынан босатылды.

评论