Старовойттың отставкасы “сенімнен айырылумен” байланысты емес – Песков

1047
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ujx8i0R1mch8lTErZulFyokHuHI28Dsqhf6S5Dyv.jpg

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұрынғы көлік министрі Роман Старовойттың отставкаға кету себептеріне түсініктеме бере отырып, президент жарлығына сенім жоғалту туралы ешқандай тұжырым жоқ деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости жазды, деп хабарлайды "Адырна". 

Дүйсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин Роман Старовойтты көлік министрі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды. Старовойт бұл қызметте 2024 жылғы мамырдан бастап басқарған еді. Сонымен қатар, президент жарлықпен Андрей Никитинді көлік министрінің міндетін атқарушы етіп тағайындады.

«Егер сенім жоғалса, онда ол тура көрсетіледі. Бірақ, өздеріңіз көріп отырғандай, мұндай формулировка қолданылған жоқ», — деді Песков журналистердің «Старовойттың отставкасы президенттің сенімінен айырылуына байланысты болды ма?» деген сұрағына жауап бере отырып.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы жарлықтың жазбаша мәтінінде де «сенімнен айырылды» деген сөз тіркесі жоқ екенін атап өтті.

«Тағы да қайталап айтамын: жарлықта “сенімнен айырылды” деген сөз жоқ, жазбаша құжатта мұндай тұжырым қолданылмаған. Бұл – мемлекет басшысының шешімі, менің бұған қосарым жоқ», — деді Песков.

Айта кетсек, бұған дейін Ресейде жұмысынан босатылған көлік министрі

Роман Старовойттың өлі табылғаны туралы хабарладық.

Роман Старовойттың денесі Одинцово қалалық округінен табылған. Ақпараттарға сәйкес, оған оқ тиген, мәйіттің қасында қару жатқан.

 

 

评论
其他材料