Депутат куә болған. Қапшағайда жас қыз суға батып кетті

1103
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BQe5sO6EptsjzKltmIMmslxV9BiNf9E8gFJLtiWX.jpg

Қапшағай су қоймасында жас қыз суға батып кетті. Қайғылы жағдай кезінде жағажайда Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек те болған, деп хабарлайды “Адырна”.

 Депутаттың айтуынша, қызды судан куәгерлер алып шыққан.

“Жағалауда қауіпсіздікке жауапты ешкім болмады. Құтқарушылар, бейнебақылау камералары, құтқару құралдары, медициналық қызметкер жоқ. Су қоймасының жағасы жеке кәсіпкерлерге берілген. Қызды судан куәгерлер алып шығып, алғашқы көмек көрсетуге тырысты”, — дейді ол.

Депутат жағажайлардың кімге тиесілі екенін анықтап, заң талаптарын бұзғандарды жауапқа тарту үшін тексеріс жүргізуді талап ететінін жеткізді.

Полиция департаменті қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

“Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер құтқару техникасының және кезекші құтқарушылардың бар-жоғын, демалыс аймағының белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтайды”, — делінген хабарламада.

评论