Президент көлік саласындағы ахуалды сынады

964
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UNXLdXRhFdsAp6aZQRXcdcCqyB99zquVkUckzR4u.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Отырыста ішкі және сыртқы көші-қон саласындағы негізгі үрдістер қаралды. Жиында премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, ішкі істер министрі, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі есеп берді.

Президент көші-қон саясатын жүзеге асыру кезінде геосаяси факторлар мен қауіптерді, демографиялық болжамдарды және халық қозғалысының себептерін ескерудің маңыздылығын атап өтті.

“Мемлекет басшысы заңсыз көші-қонға жол бермеу бойынша бақылауды күшейту және еліміздің адами капиталын арттыруды ынталандыру қажет екенін айтты”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Отырыс барысында Қасым-Жомарт Тоқаев көлік саласындағы ахуалды да сынға алды. Президент шекарада жүк тасымалының баяу жүргізілуі, көптеген өткізу бекеттерінің нашар жағдайда екені және ірі инфрақұрылымдық транзиттік жобалардың мерзімінен кешігіп жатқанын атап өтті.

评论