Ресей вице-премьерінің Әзербайжанға сапары тоқтатылды

1290
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mjaTMM4f1hKLCR75aX3VtXbS1dFKmqe654qO6BAV.jpg

Осы айға жоспарланған Ресей Федерациясы премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчуктың Әзербайжанға сапары тоқтатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Report агенттігінің хабарлауынша, қалыптасқан жағдайға байланысты Әзербайжан үкіметі Оверчуктың немесе Ресейдің кез келген ресми өкілінің елге сапарын орынды деп санамайды.

Еске сала кетейік, 27 маусым күні Ресей құқық қорғау органдары Екатеринбургте әзербайжан тумалары тұратын бірнеше пәтерге рейд ұйымдастырған еді. Нәтижесінде екі азамат қаза тауып, бірнеше адам ауыр жараланып, тоғыз адам тұтқындалған. Әзербайжан тарапы бұл әрекеттерді «қатыгездікпен жасалған күш қолдану» деп бағалап, ресейлік тарапқа қатаң наразылық білдірді.

评论