Сочи әуежайында екі жолаушылар ұшағы соқтығысты

1162
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/06/samolet.jpg

27 маусым күні Сочидегі халықаралық әуежайда Utair және NordStar әуе компанияларына тиесілі екі жолаушылар ұшағы соқтығысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға Түменге бағыт алған ұшақтың ұшу-қону жолағына бет алған сәтінде орын алған. Аталған ұшақ Норильскіден жаңа ғана келген екінші ұшақпен рулеж жолында жанасқан. Тергеу органдарының мәліметінше, бір ұшақ қанатымен екіншісінің құйрық бөлігін зақымдаған.

Бортта болған жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Ұшақтарға келтірілген зақым шамалы және техникалық тұрғыда қалпына келтіруге болады.

Utair және NordStar авиакомпаниялары өз рейстерін резервтік ұшақтармен орындайды.

 Сочи–Мәскеу бағытындағы ТИ401 рейсі (NordStar) 03:30-ға жоспарланса, Сочи–Тюмень бағытындағы UT514 рейсі (Utair) 23:00-де ұшады.

Қазіргі уақытта жолаушыларға әуежайда қызмет көрсетіліп жатыр. Оқиғаға байланысты алдын ала тергеу жұмыстары басталды. Сочи көлік прокуратурасы әуе қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеретін болады.

评论