Жезқазғанның жылу желілерін жаңғыртуға 2,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

1137
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QKTXuvHCbAs3Q8wZZS2pDlGkCMejFmVHrnFti8Zk.jpg

Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау және жаңғырту жобасының үшінші іске қосу кешенінің екінші кезегін жүзеге асыру үшін резервтен 2,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы бүгін, 26 маусымда Үкіметтің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

«Жезқазған қаласы жылу желілерінің ұзындығы 398 шақырымды құрайды. Нысан 1951 жылы пайдалануға берілген, тозуы – 56,6%. Жылу желілері цехында 1969 жылы іске қосылған 8 сорғы стансасы бар. Жылыту маусымында жылу желілерінің тозуы жылумен қамтуға кері әсерін тигізуде. Ресурстардың айтарлықтай шығыны орта есеппен 35-40%-ға жетеді, бұл қолданыстағы және салынып жатқан нысандарды жылу желілеріне қосуға мүмкіндік бермейді»,– делінген хабарламада.

Айта кетейік, Үкімет резервінен бөлінген 2,8 млрд теңге жобаны аяқтауға және 98 мыңнан астам тұрғыны бар қаланың жылу желілерін сапалы дайындауға мүмкіндік береді. 

评论
其他材料