Экология министрлігі 800 киікті атуы мүмкін

1176
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vqcgWsgEiP8wBMeanKCz9KeqEj9QmpyWXvmh3t2k.jpg

Көктемгі санаққа сенсек, Қазақстанда киік саны 4 миллионға жуықтаған. Киік популяциясын реттеу үшін экология министрлігі шамамен 800 мың киікті атуы мүмкін. Бұл туралы бүгін үкімет отырысынан кейінгі брифингте Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Оның айтуынша, киік популяциясын реттеуге қатысты ғылыми негіздеме дайын тұр, тек іс-әрекеттерді ұйымдастыру қалған. Нақты неше ақбөкеннің атылатыны туралы нақты мәлімет бірнеше күнде шығады.

«Осы ғылыми негіздемедегі ғалымдардың ұсынысына сай, бүкіл популяцияның 20 пайызы реттеуге жатады. Көктемгі санақта Қазақстандағы ақбөкендердің саны 3 миллион 900 мың болған, оның ішінде 2 миллион 300 мыңы – Оралда, 1 миллион 600 мыңы – Бетпақдалада,  700-800 мыңдай киік – Үстіртте», - деді Нысанбаев.

Экология министрлігі Қазақстандағы киіктердің 40 пайызы — аталық киіктер, 40 пайызы — аналық, 20 пайызы — биылғы төлі болу керек.

评论