Израиль премьер-министрі Трампқа алғыс білдірді

1307
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xn3gPncpskmKcLfC2UFcIs1Q0wOcNzQzXfAK7w1c.jpg

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ-тың Иранға жасаған соққыларына байланысты мәлімдеме жасап, бұл шабуылдарды «тарихты өзгертетін батыл шешім» деп атады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол АҚШ президенті Дональд Трампқа алғысын білдірді.

Израиль премьерінің бұл үндеуі АҚШ-тың ядролық нысандарға жасаған шабуылынан кейін бірден жарияланды.

«Президент Трамп екеуіміз жиі айтамыз: “Күш арқылы бейбітшілікке қол жеткізуге болады”. Алдымен — күш, содан кейін — бейбітшілік. Бүгін кешке Дональд Трамп пен Америка Құрама Штаттары өте батыл әрекет етті», - деді Нетаньяху өз мәлімдемесінде.

Шабуылдан кейін Иранның Ядролық қауіпсіздік орталығы қандай да бір радиациялық ластану анықталмағанын хабарлады. Сонымен қатар, Иранның мемлекеттік радио мен теледидары бас директорының орынбасары Хасан Абедини үш ядролық нысаннан (Фордо, Натанз және Исфахан) эвакуация шабуылға дейін біраз уақыт бұрын аяқталғанын айтты. Оның айтуынша, байытылған уран қорлары алдын ала қауіпсіз жерге көшірілген, сондықтан радиациялық қауіп жоқ.

相关新闻

评论
相关新闻