Астанадан батыс өңірлерге қатынайтын жаңа автожол құрылысы басталды

1437
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/img_3479.jpeg
Елдің орталық бөлігін батыс аймақтармен байланыстыратын жол құрылысы басталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Bizmedia.kz-ке сілтеп. Жол құрылысы Арқалық қаласы мен Торғай ауылында қатар жүріп жатыр. Жаңа автожолдың жалпы ұзындығы 860 шақырымнан асады. Астана – Жантеке – Егіндікөл – Арқалық – Торғай – Ырғыз бағытында болады. Жоба арқасында Астана мен Ырғыз арасындағы қашықтық 573 шақырымға қысқарады. Сонымен қатар, жоба аясында табиғи факторлар да ескерілген. Атап айтқанда, сайғақтардың көшу жолдарын сақтау үшін арнайы өткелдер қарастырылған. Жол жануарлардың қауіпсіз қозғалысына бейімделіп салынады.
Yorumlar
Diğer Haberler