Трамп саясаты. Ел сенатына қысым жасалғаны туралы ақпарат тарады

1791
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/d63930c8-dd4f-400c-9828-73192e83a3d4-960x500.jpeg?token=df2300f1a76b0d45c4f63aa4deed447e
АҚШ президенті Трамптың әкімшілігі Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдету үшін сенатқа қысым көрсетіп жатыр деген ақпарат тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы The Wall Street Journal 6 маусым күні хабарлады. Басылым мәліметінше, Трамп командасы Республикалық партия сенаторы Линдси Грэмнің кеңсесімен байланысып, оның санкциялар туралы заң жобасын өзгертуді талап еткен. Ұсынылған өзгерістерге сәйкес, заң жобасына арнайы ерекшеліктер енгізіліп, санкция салу құқығы міндетті емес, ерікті түрде белгіленбек. Бұл — “shall” (міндетті) сөзін “may” (мүмкін) сөзіне ауыстыру арқылы іске аспақ. “Бұл өзгеріс заң жобасының қатаң сипатын жояды”, – дейді Конгресс өкілдері. Грэм ұсынған заң жобасы Ресейдің негізгі шенеуніктеріне, экономикалық секторларына және Мәскеумен бизнес жүргізетін елдерге қарсы санкция салуды көздейді. Алайда, Трамп әкімшілігі бұл бастаманың тым қатаң екенін айтып, оны шектеулі етуге тырысуда. Сонымен қатар, заң жобасының демократиялық партия өкілі, сенатор Ричард Блюменталь кейбір өзгерістер енгізуге дайын екенін білдірді. Айта кетейік, Трамп 5 маусым күні Украинадағы жағдай бойынша келісімге қол жеткізілмесе, санкцияларды күшейтуге дайын екенін мәлімдеген еді.
Yorumlar
Diğer Haberler