Қазақстанда жақын арада “ерікті” және “өзін-өзі қорғау жасақтары” ұғымдары ресми түрде заң жүзінде бекітіледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.
Бұл туралы Сенат кулуарында қорғаныс вице-министрі Сұлтан Камалетдинов журналистердің сауалына жауап берді.
“Бұл өзгерістер алдын ала жасалған қадам ба?”- деген сұраққа вице-министр Камалетдинов:
“Бір-ақ сөзбен айтайын. Иә, бұл — алдын алу шаралары. Кеше жасау мүмкін болмады, ал он жылдан кейін кеш болуы мүмкін. Әлемдегі және аймақтағы геосаяси жағдайға байланысты біз мұндай қадамға келіп отырмыз. Барлығын әскердің бақылауына алу мүмкін емес”, — деп жауап берді.
Оның айтуынша, егер қазақстандықтар өз еріктерімен “үйін қорғауға дайын болса”, қорғаныс министрлігі бұған қарсы болмайды.
“Бұл — жақсы ниет”, — деді ол.
Бүгін Сенат депутаттары “Территориялық қорғаныс туралы” заң жобасын екі оқылымда мақұлдады. Заң аясында әкімдерге жаңа өкілеттіктер де берілген. Олар өз өңірлеріндегі территориялық қорғанысты басқаруға жауапты болады.
Атап өтсек, бұл заң аясында енгізілетін жаңа ұғымдар бар. “Өзін-өзі қорғау жасақтары” — әскери жағдай кезінде жергілікті әскери басқару органдары арқылы құрылатын азаматтық құрылым.
Ал “Еріктілер” — өзін-өзі қорғау жасақтарына өз еркімен қосылған ҚР азаматтары.
Diğer Haberler
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз