Атырауда келін енесін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

1828
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/218e3cc5-db45-4f66-88ea-d8b7dbb7d860-960x500.jpeg?token=176e8739b576ea02153d4c78f182a438
Атырау облысында ауыр қылмыс тіркелді. Қызылқоға ауданында 82 жастағы кейуана пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы КТК арнасына сілтеп. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі егде жастағы әйелді аман алып қала алмады. Әйел жарақат салдарынан жасақтау бөлімінде жан тапсырған. Қазіргі таңда, күдікті ретінде марқұмның 39 жастағы келіні қамауға алынды. Белгілі болғандай, әйел – көпбалалы ана. Қылмыс кезінде күдіктінің күйеуі, яғни марқұмның ұлы да үй маңында болған. Алайда оқиғаның нақты себеп-салдары әзірге белгісіз. Ауыл тұрғындары отбасының тыныш өмір сүргенін, бұған дейін жанжал мен кикілжің байқалмағанын айтуда. Келіннің ақыл-есі орнында, бұрын есепте тұрмаған. Атырау облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Мейірім Ердәулеттің мәлімдеуінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталған.
"1942 жылғы кейуананың өліміне қатысты қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмысқа күдікті ретінде 1986 жылы туған әйел қамауға алынды", – деді Мейірім Ердәулет.
Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалып, күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беру жұмыстары жүріп жатыр.
Yorumlar
Diğer Haberler