Иран орташа қашықтықтағы Qassem Basir баллистикалық зымыранын сынады. Бұл туралы 4 мамырда елдің қорғаныс министрі Азиз Назирзаде айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол бұндай қару елдің қорғанысын нығайтып, жаудың шабуылын тоқтату үшін қажет екенін мәлімдеді.
«Зымыран — Hal Qasem-дің жетілдірілген нұсқасы. Qassem Basir термобейнелеу жүйесі зымыранның жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, зымыран электронды күрес құралдарына төзімді»,—деді министр.
Сондай-ақ Насирзаде АҚШ шабуыл жасаса, жойқын соққы беретіндерін жеткізді.
«Шабуыл жасалса, ешқандай шектеуді ескермейміз. Иран — көрші елдердің жауы емес. Біз олармен бауырластық қарым-қатынасқа ұмтыламыз. Десе де, соғыс жағдайында көрші ел аумағындағы америкалық базаларды нысанаға алатын боламыз»,— деп атап өтті Иран әскери ведомствосының басшысы.