АҚШ пен Украина пайдалы қазбалар жөніндегі келісімге қол қойды

1479
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_8735-960x500.jpeg?token=7b3b39229d1d255966bf07a4fcb1c067

30 сәуірде Вашингтон мен Киев бірлескен пайдалы қазбалар және Украинаны қалпына келтіру үшін инвестициялық қор құру туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бұл экономикалық ынтымақтастық екі елге ортақ ресурстарды, мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Украинаның экономикалық тұрғыдан қалпына келуін жеделдетуге үлес қосады»,—деді ол.

Келісімге сай, Украина бүкіл ресурсты бақылау құқығын сақтап қалады. Ал екі ел қорды теңдей басқарады. Құжатта Украинаның қарызды қайтаруы туралы сөз жоқ.

Қор Украинаның дамуына 10 жыл бойы инвестиция құюмен айналыспақ. Украин премьерінің айтуынша, келісім Украинаның Еуроодаққа кіруіне кедергі келтірмейді.

Еске сала кетейік, 24 наурызда АҚШ президенті Дональд Трамп Америка әкімшілігі мен Украина билігі сирек кездесетін жер элементтері бойынша келісім жобасын аяқтап қалғанын және оған жақын арада қол қойылатынын мәлімдеген еді. Ал 12 сәуірде Украина мен АҚШ минералдар жөніндегі келісім бойынша Вашингтонда келіссөздер өткізгені белгілі болды.

Yorumlar
Diğer Haberler