Павлодарда ер адам жол үстінде қайтыс болды

1807
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/dcd68c15-bcd7-4b99-953f-b7fd2d98c096-960x500.jpeg?token=c89ae14698070de225db88cd1d9c6437
Павлодарда ер адам көлік айдап келе жатқанда қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Оның жүрегі тоқтап қалған.
Pavlodarnews.kz мәліметінше, жазатайым оқиға Астана мен Лермонтов көшелерінің қиылысында болған. Көшеде кетіп бара жатқан куәгерлер көліктердің бірі жол ортасында кілт тоқтағанын байқап, дереу полицияға хабарлаған.
"Ер адам көлік жүргізіп бара жатып кенет есінен танып қалған. Алдын ала болжам бойынша жүрегі ауырды. Жол-көлік оқиғасы болған жоқ, жүргізуші тоқтап үлгерді, ешкім зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Yorumlar
Diğer Haberler