Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) 5-департаментінің басшысы Руслан Ысқақов аштық жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы оның адвокаты Евгений Яворский өзінің Instagram парақшасында жазды.
Адвокаттың айтуынша, Ысқақов 28 қаңтардан бастап 3 ақпанға дейін аштық ұстап, наразылық білдірген.
«Адамдар мұндай қадамға жайдан-жай бармайды, оның белгілі бір себептері бар. Құзырлы органдардан Русланның бұл шешімге не үшін келгенін анықтауын сұраймын. Оның қандай жағдайға тап болғанын білу – біз үшін маңызды», – деді Евгений Яворский.
Айта кетейік, 27 қаңтарда Руслан Ысқақовқа сот үкімі шықты. Ол қаңтар оқиғасы кезінде Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғанын қолдағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Diğer Haberler
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз