Наурызбай ауданы. Полиция оқ атқан адамды таппай жатыр

2291
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/pistolet-1-1-960x500.jpg?token=2779fa348a519abc75fac05b23a15a7b
Белгісіз ер адам Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешеніне баса-көктеп кіріп, екі адамға оқ атқан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап. «Бұл факті бойынша Наурызбай ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады», — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Әлеуметтік желілерде осы тұрғын үй кешенінің ауласында бірнеше жедел жәрдем және полиция көліктері пайда болғаны туралы хабарламалар тарады. Сипаттамаға сәйкес, белгісіз адам тұрғын үй кешенінің аумағына электрик ретінде кірген. Содан кейін бірінші қабаттағы электр жарығын өшіріп, пәтерге кіріп, екі тұрғынға оқ атқан. Олар тірі қалғанымен, біреуі жансақтау бөліміне түскен. Полиция қаза тапқандар туралы мәлімет берген жоқ. Ер адам оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция оны іздестіріп жатыр.  
Yorumlar
Diğer Haberler