Үкімет су тасқынының алдын алу үшін өзен-сулардағы су деңгейін анықтайтын батиметриялық зерттеулерге 576 млн теңге бөлді. Қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, бөлінген қаржыны су ресурстары және ирригация министрлігі алады.
«Қаржыландырудың негізгі бөлігі жабдықтар мен техникалық жарақтарды сатып алуға, сондай-ақ зерттеулерге бағытталады. Атап айтқанда, осы ақшаны «Қазсушар» компаниясының «Су метрология» филиалына беріп, еліміздің солтүстік, батыс және орталық өңірлердегі су тасқыны қаупі бар учаскелеріне батиметриялық зерттеу жүргізу көзделіп отыр», - деп хабарлайды үкімет.
Сонымен қатар, өзен-сулар биыл да, 2025 жылы да зерттелуі керегі айтылды. Зерттеудің деректері цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясына беріледі.
Diğer Haberler
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз