«Астана» мен «Ростов» командалары арасында жолдастық кездесу 0:1 есебімен аяқталды

3226
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/c0874bae-59a8-47b0-b3bc-8c24765950a6.jpeg

БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиынында “Астана” мен “Ростов” командалары арасында жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу 1:0 есебімен ресейлік клубтың жеңісімен аяқталды. Жалғыз голды Иран құрамасының шабуылшысы Мохаммад Мохеби 19-минутта соқты. Айта кетейік, кездесуге «Ростов» клубының бразилиялық шабуылшысы Роналдо Сезар Соарес Дос Сантус қатысты. Сондай-ақ 21 ақпанда “Астана” мәскеулік “Спартакпен” бақылау матчын өткізеді. Бұған дейін елордалық клуб маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынында РПЛ көшбасшысы “Краснодарды” 4:2 есебімен ұтты, сондай-ақ БАӘ клубтары – “Элит Фальконсты” – 3:0 және “Голф Юнайтедті” 4:2 есебімен ұтқан болатын. Ал армяндық “Урарту” клубымен өткен ойында есеп тең түсті – 0:0.

“Адырна” ұлттық порталы

Yorumlar
Diğer Haberler