Самарқан түбінде әскери тікұшақ апатқа ұшырады

3910
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/4af34be5-4e6c-4ef3-af39-427b44fbff2c.jpeg

Өзбекстанда оқу-жаттығу кезінде әскери тікұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, 17 қарашада сағат 20:15-те Самарқанд облысындағы "Каттакурган" полигонында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен Өзбекстан Әскери-әуе күштерінің қолбасшылығына тиесілі Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады.
Апат салдарынан тікұшақ экипажы қаза тапты. Қазіргі уақытта арнайы комиссия апаттың себептерін анықтау үшін жұмыс істеуде. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мүшелері мен туыстарына көңіл айтамыз, — деп хабарлайды ведомство.
Yorumlar
Diğer Haberler