АҚШ пен Қытай әскери қатынасты қалпына келтіруге келісті

3092
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/img_5928.jpeg
АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин Сан-Франциско маңындағы Филоли резиденциясында төрт сағаттық келіссөз жүргізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Кездесу барысында лидерлер екі держава арасындағы әскери байланыстарды қайта қалпына келтіруге келісті. Бұл байланыс өткен жылы Конгрестің өкілдер палатасының спикері Тайваньға барғаннан кейін үзілген еді. Бұдан бөлек тараптар заңсыз есірткі өндірісі мен айналымына, оның ішінде фентанил сияқты синтетикалық есірткіге қарсы күресте ынтымақтастықты қалпына келтіруге уағдаласты. Осы мақсатта АҚШ пен Қытай құқық қорғау органдарының әрекетін үйлестіретін жұмыс тобы құрылмақ.
Yorumlar
Diğer Haberler