Ресей әскерилері Киевке әуеден соққы жасады

3462
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/photo-output-21.jpeg
Ресей Киевке зымыранмен шабуыл жасады. Бұл туралы қала мэрі Витали Кличко айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Шабуыл нәтижесінде 2 адам қаза тауып, 3 адам жарақат алды. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Зымыран қалдықтарының құлауы салдарынан Шевченков және Дарницкий аудандарында өрт болды», - деді ол.
Киев полиция басқармасының бастығы Андрей Небытов облыс аудандарының бірінде жеке үйлер мен ғимараттардың зардап шеккенін атап өтті. Еске салайық, 28 тамызда Ресей Полтаваға зымыран атып, 2 адам қаза тапқан еді.
Yorumlar
Diğer Haberler