Ресей Киевке зымыранмен шабуыл жасады. Бұл туралы қала мэрі Витали Кличко айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Шабуыл нәтижесінде 2 адам қаза тауып, 3 адам жарақат алды. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Зымыран қалдықтарының құлауы салдарынан Шевченков және Дарницкий аудандарында өрт болды», - деді ол.Киев полиция басқармасының бастығы Андрей Небытов облыс аудандарының бірінде жеке үйлер мен ғимараттардың зардап шеккенін атап өтті. Еске салайық, 28 тамызда Ресей Полтаваға зымыран атып, 2 адам қаза тапқан еді.
Новости по теме