1 қыркүйектен бастап шәкіртақы өседі

3345
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/395e4ddd-1b01-4910-bf86-a8c19a1ac13d.jpeg

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өседі, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы, дн 20%-ға,

Магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға,

ТжКБ студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға арттырылды.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды.

Қаулыда белгіленген шәкіртақы мөлшері төмендегідей:

  • докторанттарға (оның ішінде «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша)217 500 теңге;
  • даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге;
  • магистранттарға – 97 024 теңге;
  • интерндерге – 75 890 теңге;
  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық және «Денсаулық сақтау» бағыттары бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;
  • даярлаудың педагогикалық бағыттары және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41 898 теңге;
  • техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге;
  • техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 31 422 теңге.

Қаулы 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енеді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында келесі айдан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің жалақысы 30 пайызға өсетін болады.

Yorumlar
Diğer Haberler