Президенттің жолдауы әділетті Қазақстан құруға жол ашады

79
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kCF9DCg4OBETi7Otc7lCgWIplPqt3SGYunlCECRe.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы елде жүргізіліп жатқан реформаның жүйелілігін көрсетіп, мемлекеттік саясат азаматтардың мүддесіне бағытталған әділетті Қазақстан құру міндетін сақтап отыр.

 Мемлекет басшысының жолдауындағы негізгі бағыттарға пікір білдірген саясаттанушы Жанерке Қайратқызы осылай деп мәлімдеді.

Сарапшының пікірінше, жолдаудың маңызды ерекшеліктің бірі – бұған дейін белгіленген міндеттердің сабақтастығы. Президент ұсынған жаңа бастамалар ел дамуының стратегиялық бағытын өзгертпейді, керісінше, олар басталған реформаларды одан әрі жалғастыруға бағытталған.

«Мен президент саясатының жүйелілігін атап өтер едім. Бұл жүйелілік жолдаудан да айқын көрінеді. Біз бұған дейін алға қойған міндетті жүзеге асырып жатырмыз. Бұл – әділетті Қазақстан құру. Осы мақсатқа жету үшін қажетті шаралар қабылданады», – деді Жанерке Қайратқызы.

2026 жылғы 28 қазандағы жолдауында мемлекет басшысы ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын тағы да айқындады. Атап айтқанда, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жалғастыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мен халықтың әл-ауқатын арттыру мәселесіне басымдық берілді. Бұл ретте жүргізіліп жатқан өзгерістердің түпкі нәтижесі қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту болуы тиіс.

Саясаттанушы атап өткендей, мемлекеттік саясаттың жүйелілігі ерекше маңызға ие. Өйткені бұл реформалардың бірыңғай бағытын сақтап, бұрын белгіленген міндеттерді кезең-кезеңімен жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.

«Жағдай өзгерген сайын алға қойған міндетті өзгерте бермейтінімізді түсіну керек. Біз бір мақсатқа – әділетті Қазақстан құруға бет алып бара жатырмыз. Менің ойымша, бұл мақсат халықты ұйыстыра түседі», – дейді сарапшы.

Жанерке Қайратқызының бағалауынша, мемлекет басшысының жолдауындағы маңызды басымдықтың бірі – реформалардың ортақ бағытын сақтау.

 Сонымен қатар белгіленген міндеттерді одан әрі жүзеге асыру елдегі барша азаматтың мүддесімен тығыз байланысты болуы тиіс.

Yorumlar
Diğer Haberler