2027 жылдың 27 қаңтары – сайлау күні. Қырғызстан президенттігіне 11 үміткер ұсынылды

216
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zEPVhKJcr88Gd1jDdocIJtBWJF35PZgWrXa9XTyg.webp

Фото: ашық дереккөз

Қырғызстанда президент сайлауына кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды. Орталық сайлау және референдум өткізу жөніндегі комиссияның мәліметінше, алдағы сайлауға қатысуға 11 адам ниет білдірген, деп хабарлайды “Адырна” порталы Kazinform агенттігіне сілтеп.

Президенттікке үміткерлер қатарында қазіргі мемлекет басшысы Садыр Жапаров та бар. Сонымен бірге сайлауға кәсіпкерлер, бұрынғы мемлекеттік қызметшілер мен парламенттің экс-депутаттары қатысуға өтініш берген.

Кандидаттар тізіміне мыналар енді:

- Садыр Жапаров – қазіргі президент;

- Аймен Касенов – кәсіпкер;

- Азамат Есенбеков – бизнесмен;

- Сыймык Жапыкеев – қаржы полициясының бұрынғы басшысы;

- Акай Кыдыров – кәсіпкер;

- Исхак Масалиев – Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты;

- Бактыбек Калмаматов – Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты;

- Бакытбек Адылов – Мемлекеттік көші-қон қызметінің бұрынғы төрағасы;

- Амур Айба Медер – «БОйл» ЖШС директоры;

- Мәмбетжүніс Абылов – Орталық сайлау комиссиясы мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы басшысы;

- Клара Сооронқұлова – Жоғарғы Соттың Конституциялық палатасының бұрынғы судьясы.

Қазір кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың электрондық қолтаңбаларын жинау кезеңі жүріп жатыр. Бұл жұмыс 2026 жылғы 7 желтоқсанға дейін жалғасады. Заң талаптарына сәйкес, әр үміткер президенттікке кандидат ретінде тіркелу үшін кемінде 30 мың сайлаушының қолын жинауы қажет.

Тіркеуге қажетті құжаттар 13 желтоқсанға дейін қабылданады. Ал президенттікке кандидаттарды ресми тіркеу 23 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс.

Еске салайық, Қырғызстанда президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарға белгіленген. Бұған дейін алғашқы үміткер 14 қазанда өтініш тапсырған. Сондай-ақ сайлау науқанын өткізуге 1,2 миллиард сом (шамамен 6,06 миллиард теңге) жұмсау жоспарланып отыр.

Yorumlar
Diğer Haberler