Қазақ дәрігері Жапониядағы жетекші университеттің вице-президенті болды

174
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QZa4giSqnwaOtEDRHkYtre8SapWuGf8KxnIcRv72.jpg

Қазақстандық дәрігер, профессор Серік Мейірманов Жапониядағы беделді Рицумейкан Азия-Тынық мұхиты университетінің (Ritsumeikan Asia Pacific University – APU) вице-президенті (проректоры) қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Facebook желісінде Олжас Беркінбаев хабарлады, деп жазады “Адырна”.

Бұл – Қазақстан азаматының Жапония жоғары оқу орнының басшылығындағы осындай жоғары лауазымға алғаш рет тағайындалуы. Аталған университет Жапонияның Беппу қаласында орналасқан.

Серік Мейірманов бұған дейін үш жыл бойы университеттің академиялық мәселелер жөніндегі деканы қызметін атқарған. Ол жоғары медициналық білімді Қазақстанда алып, PhD ғылыми дәрежесін Жапонияда қорғаған.

Сонымен қатар профессор Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі. Сондай-ақ Ұлттық ғылыми кеңес құрамында шетелдік сарапшы ретінде жұмыс істейді.

Yorumlar
Diğer Haberler