46 жыл. Алатаудың адамы туғалы құжатсыз жүрген

220
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/aYFTFvfis81wkSo2A3DKVOXcJaJGbboUAdDoeglc.jpg

Алматы облысының Алатау қаласында 46 жыл бойы жеке куәліксіз және жеке сәйкестендіру нөмірінсіз (ЖСН) өмір сүрген әйел анықталды. Оның құжаттарын рәсімдеуге прокуратура көмектесті, деп хабарлайды “Адырна”.

Алматы облысы прокуратурасының хабарлауынша, әйел 1980 жылы дүниеге келген. Алайда анасы оның туу туралы деректерін азаматтық хал актілерін тіркеу органдарына енгізбеген. Соның салдарынан әйел осы уақытқа дейін жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген.

Мәселені шешу оңай болмаған. Әйелдің туған кезеңіне қатысты медициналық мұрағат құжаттары сақтау мерзімінің аяқталуына байланысты жойылған. Сондықтан оның туу фактісін анықтау үшін сотқа жүгіну қажет болған.

Алайда ЖСН-і болмағандықтан, әйелдің өзі сотқа арыз бере алмаған. Бұған дейін әпкесі бұл мәселені шешуге әрекеттенгенімен, оның өтініші қанағаттандырылмаған.

Осыдан кейін Алатау қаласының прокуратурасы әйелдің құқықтарын қорғау мақсатында сотқа талап арыз түсірді. Прокурорлар оның туу фактісін заңды түрде анықтауды сұраған.

Сот прокуратураның талабын қанағаттандырды. Енді әйел жеке құжаттарын рәсімдеп, медициналық қызмет ала алады. Сонымен қатар ресми жұмысқа орналасуға және мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдауды пайдалануға мүмкіндік алды.

Yorumlar
Diğer Haberler