Қазақ боксын бастап берген Бөлтекұлы

322
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UfHuCoRZghXCD1WL8TvDqaLi8xzSg5dA4hxnhDWg.jpg

Бүгін, 29 қазанда қазақ боксының негізін қалаушылардың бірі, Қазақ КСР-інің үш мәрте чемпионы және спорт шебері атағын алған алғашқы қазақ спортшысы Шоқыр Бөлтекұлының туғанына 110 жыл толып отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 1916 жылы 29 қазан күні Маңғыстау облысы, Жармыш ауылының маңында Сарқауақ деген жерде дүниеге келген.

Отызыншы жылдардағы ашаршылық, аласапыран тұста Форт-Шевченко қаласындағы жетімдер үйінде оқып, орта мектепті бітірген. Байұлы тайпасының Беріш руының Құлкеш бөлімінен шыққан. Ұлы Отан соғысына қатысқан ол 1944 жылы жарақаттанып елге оралған.

Шоқыр Бөлтекұлы рингте 223 кездесу өткізген, оның 199-ында жеңіске жеткен. 1947 жылы Киевтегі Көркемсурет академиясын және Дене тәрбиесі институтын бітірген. 50-жылдары Қазақ КСР-інің үш дүркін чемпионы атанған.

Шаршы алаңның шаңын қаққан боксшы ізбасар шәкірттер тәрбиелеп, оларды боксқа баулуүшін алақандай алаң іздеген. Осылайша опера және балет театрының бір бөлмесін сұрап алған. 1937 жылы Шоқыр Бөлтекұлының басшылығымен бокстан Алматы қаласының ресми бірінші кезектігі өткізілген. Оған 50 спортшы қатысқан.

1947 жылы Мәскеуде өткен Кеңестер Одағының біріншілігіне Қазақ елінің құрама командасын Шоқыр атамыз бастап барған. Оның мектебінен Мақсұт Омаров, Әбдісалан Нұрмаханов, Серік Әбдінәлиев, Виктор және Владимир Каримовтар, Асқар Құлыбаев секілді талантты шәкірттер тәрбиеленіп шыққан.

Шоқыр Бөлтекұлы 1994 жылы 78 жасында Алматы қаласында дүниеден озған.

Yorumlar
Diğer Haberler