2 аптадан асса да. Әйелді сәбиімен қағып, қашқан жүргізуші табылмады

295
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/M8956W6EJdfGtFWD3inWF4dp0AVtJd9MyGYt6zEu.webp

Қызылордада бес айлық сәби мен оның анасын қағып кеткен көлік жүргізушісі әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы жағдай 13 қазан күні болған еді. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген, алайда сәбиді аман сақтау мүмкін болмады. Ал баланың анасы ауыр жарақат алған. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйелдің бас сүйегі, қабырғалары, бұғана, жамбас сүйектері мен тобығы сынған.

Қызылорда облысының полиция департаменті күдіктіні қамауға алуға сот санкция бергенін хабарлады. Алайда әзірге оның қайда екені анықталмаған, іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

«Күдіктінің орналасқан жерін анықтау үшін полиция департаментінің бүкіл жеке құрамы бағдарланды. Барлық күш пен құрал жұмылдырылды. Тергеу ерекше бақылауға алынды», – делінген хабарламада.

Yorumlar
Diğer Haberler