"Қазақстан президенті Садыр Жапаров..." Арменияда протокол басшысы қызметтен кетті

257
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8e8A7NwYqytvbunoSnV2UhGyHmyAhy6svD7luOeE.webp

Пашинян Арменияның мемлекеттік протокол қызметінің басшысын қызметінен босатты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі caliber-ге сілтеп.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы Гагик Ваноянды қызметінен босатты. Бұл туралы шешімнің себебі ресми түрде жарияланған жоқ.

Гагик Ваноян бұл қызметті 2022 жылдың желтоқсанынан бері атқарып келген. 2026 жылдың тамызында ол қайтадан осы лауазымға тағайындалған еді. 

Айта кетейік, Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ереванға 17 қазанда ресми сапармен келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты Қазақстан президенті деп қате атаған. Екі күннен кейін ол протокол қызметінің жетекшісі Гагик Ваноянды қызметінен босатты. Бұл шешімге Пашинянның жіберген қателігі себеп болуы мүмкін.

«Ең алдымен, Арменияға келген Қазақстан президенті Садыр Жапаровты қарсы алғым келеді», – деді Пашинян қағазға жазылған мәтінді оқып тұрып.

Мемлекеттік протокол қызметі — ел басшылығының халықаралық кездесулері мен ресми іс-шараларын ұйымдастыруға, дипломатиялық рәсімдер мен протокол талаптарының сақталуына жауап беретін мекеме.

Yorumlar
Diğer Haberler