Қала ішінде көліксіз қалсаңыз. Діттеген жерге қалай жетуге болады?

247
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lNerl9ioxgJ63Yr9zjz1UtTywMMMO9YMd9lm26eX.jpg

Қосымша ашылмайды, маңайда бос көлік жоқ немесе күту уақыты созылып кетті. Мұндай жағдай әсіресе жұмысқа, кездесуге немесе әуежайға асыққанда қолайсыз. Дегенмен, осындай сәттердің өзінде қажетті мекенжайға жетудің бірнеше жолы бар. Қазақстан қалаларының тұрғындары қандай көлік түрлерін таңдай алады және олардың қайсысын пайдаланған тиімді? Талдап көрейік.

Қоғамдық көлік

Автобустар — қала ішінде қатынаудың ең қолжетімді тәсілдерінің бірі. Жолақысы алдын ала белгілі, ал арнайы жолақтармен жүретін автобустар кейде кептелісте тұрған жеңіл көліктерден жылдамырақ жетеді.

Алматыда автобустармен қатар метро да бар. Ол, әсіресе, қарбалас уақытта өте ыңғайлы. Метро қозғалысы жолдағы кептеліске тәуелді емес, ал пойыздардың жүру аралығы уақытты алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Астана мен басқа қалаларда да қажетті бағытқа қатынайтын автобус тауып, қажет болса, бірнеше рет ауысып мінуге болады.

Алайда қоғамдық көлік барлық жағдайда бірдей қолайлы емес. Қажетті мекенжай аялдамадан алыс болса, өзіңізбен бірге ауыр сөмкелер алып жүрсеңіз немесе кешкі уақытта үйге қайту қажет болса, басқа баламаларды қарастырған жөн.

Электросамокаттар мен велосипедтер

Баратын жеріңіз бірнеше шақырым қашықтықта болса және ауа райы қолайлы болса, электросамокатпен немесе велосипедпен жетуге болады. Қысқа қашықтықтарға қатынаудың бұл тәсілі кептелістен айналып өтуге және бос көлік іздеуге уақыт жоғалтпауға мүмкіндік береді.

Мұндай көлік жақын орналасқан аудандар арасында, метро станциясына немесе қоғамдық көлік аялдамасына жету үшін әсіресе ыңғайлы.

Дегенмен, самокаттар мен велосипедтерді кез келген ауа райында пайдалану қолайлы емес. Қозғалысы қарқынды жолдарда қауіпсіздікке ерекше мән беріп, жол қозғалысы ережелерін сақтау қажет. Сонымен қатар жалға берілетін көліктердің қолжетімділігі жыл мезгілі мен қаланың белгілі бір ауданына байланысты өзгеріп отырады.

Жаяу жүрген тиімді болуы мүмкін

Егер қажетті мекенжайға жаяу 15–20 минутта жетуге болса, көлік іздеудің қажеті де болмауы мүмкін. Қысқа қашықтықта көлікті күту мен кептелісті ескергендегі жол уақыты жаяу жүруге кететін уақыттан кем болмауы ықтимал.

Бұған қоса, жаяу жүру денсаулыққа пайдалы. Әсіресе күні бойы компьютер алдында отыратын адамдар үшін қысқа серуеннің өзі күнделікті физикалық белсенділікті арттыруға көмектеседі.

Әрине, бұл нұсқа ауа райы қолайлы, маршрут қауіпсіз және өзіңізбен бірге ауыр жүк жоқ кезде тиімді. Кейде көлік күткеннен гөрі жаяу жүріп өткен оңай.

Жүргізушісі бар көлікке тапсырыс беру

Егер баратын жеріңіз алыс болса, өзіңізбен бірге ауыр сөмкелер алып жүрсеңіз немесе жолда көлік ауыстырғыңыз келмесе, сапарға тапсырыс беру қызметін пайдалануға болады. Мысалы, inDrive қосымшасында жолаушылар жолақысын өздері ұсына алады, ал жүргізушілер ұсынысты қабылдайды немесе өз бағасын айтады.

Бұл ретте жолаушы кіммен баратынын өзі таңдайды. Ұсыныстарды бағасы мен көліктің келу уақыты бойынша салыстырып, жүргізушінің рейтингін және көлік туралы ақпаратты көруге болады. Осылайша тек бағаны ғана емес, көліктің қаншалықты жылдам келетінін де ескеруге мүмкіндік бар.

Бағаны талқылауға уақыт жұмсағысы келмейтіндер үшін 2026 жылдың қазан айынан бастап inDrive қосымшасында «Саудаласпау» тарифі пайда болды. Бұл жағдайда жолақы нақты қаладағы алдыңғы сапарлардың тарихына сүйене отырып, автоматты түрде есептеледі және тапсырысты рәсімдегенге дейін көрсетіледі. Жолаушыға бағаны растау ғана қалады, содан кейін жүргізушіні іздеу басталады.

Бұл тәсіл, мысалы, жұмысқа немесе әуежайға бара жатқанда, жолақысын алдын ала біліп, көлік іздеуге бірден кіріскісі келетіндерге ыңғайлы болуы мүмкін.

Сонымен қатар inDrive қосымшасында бағаны жүргізушімен келісу мүмкіндігі де сақталған. Сондықтан жолаушылар өздеріне қолайлы тапсырыс беру тәсілін таңдай алады. «Саудаласпау» тарифі қазірдің өзінде Қазақстанның 20 қаласында, соның ішінде Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе және басқа да облыс орталықтарында қолжетімді.

Сапар қауіпсіздігіне де ерекше назар аударған жөн. Көлікке отырмас бұрын оның мемлекеттік нөмірі мен маркасын қосымшадағы мәліметтермен салыстырып, жүргізуші туралы ақпаратты тексеру керек. inDrive қосымшасында жолаушылар жүргізушінің рейтингін алдын ала көре алады. Сондай-ақ сапар кезінде жақындарына маршрут туралы ақпарат жіберіп, өздерінің қай жерде келе жатқанын хабарлай алады. Бұдан бөлек, қосымшада қауіпсіздік түймесі және қолдау қызметіне хабарласу мүмкіндігі қарастырылған.

Дегенмен, бос жүргізушілердің болуы мен көліктің келу уақыты ауданға, тәулік мезгіліне және сапарларға деген сұранысқа байланысты екенін ескерген жөн.

Бірнеше көлік түрін қатар пайдалану

Бүкіл маршрут бойы бір ғана көлік түрін таңдау міндетті емес. Кейде жолдың негізгі бөлігін автобуспен немесе метромен жүріп, қалған қашықтықты жаяу өту не сапарға тапсырыс беру тиімдірек болады.

Мысалы, Алматыда метро арқылы баратын жеріңізге жақын станцияға жетіп, одан әрі inDrive арқылы көлік шақыруға болады. Бұл тәсіл соңғы мекенжай метро станциясынан алыс орналасса немесе өзіңізбен бірге жүк алып жүрсеңіз, ыңғайлы болуы мүмкін. Сонымен қатар жүргізушілердің ұсыныстарын алдын ала қарап немесе «Саудаласпау» тарифін таңдап, сапар құнын бірден білуге болады.

Жалпы, көлік таңдау қашықтыққа, ауа райына, тәулік мезгіліне және жеке қалауыңызға байланысты. Кейде автобуспен жеткен ыңғайлы болса, кейде жаяу жүрген тиімді, ал басқа жағдайда жүргізушісі бар көлікке тапсырыс берген дұрыс. Ең бастысы — қала тұрғындарының бірнеше баламасы болып, нақты жағдайға сәйкес келетінін таңдай алуы.

Қарбалас уақытта қалай тез жетіп, артық ақша жұмсамауға болады?

inDrive сапар шығындарын үнемдеуге көмектесетін 6 кеңесті ұсынады.

Көлік шақыруға асықпаңыз

Егер шұғыл шаруаңыз болмаса, жолға 20–30 минут кешірек шығып көріңіз. Қарбалас уақытта сапарларға сұраныс артып, бос жүргізушілер саны азаяды. Кейде аздап күту ақша үнемдеуге көмектеседі.

Кептеліс пен ауа райын тексеріңіз

Жаңбыр, қар және жолдағы кептелістер сапар құнына әсер етеді. Жолға шықпас бұрын жол жағдайын тексеріңіз. Кейде сәл күткен немесе басқа бағытты таңдаған тиімді болуы мүмкін.

Өз бағаңызды ұсыныңыз

inDrive қосымшасында сапар құнын өзіңіз ұсына аласыз. Жүргізушілер ұсынысыңызды қабылдауы немесе өз бағасын айтуы мүмкін. Бағасы мен көліктің келу уақытын салыстырып, өзіңізге қолайлы нұсқаны таңдаңыз.

«Саудаласпау» тарифін қолданып көріңіз

Жүргізушімен бағаны талқылағыңыз келмесе, inDrive қосымшасындағы «Саудаласпау» тарифін таңдауға болады. Жолақы автоматты түрде есептеліп, тапсырыс бермей тұрып көрсетіледі. Бағаны бірден растап, көлік іздеуге кірісе аласыз.

Бұқаралық іс-шараларды ескеріңіз

Концерттерден, спорттық матчтардан және басқа да ірі іс-шаралардан кейін көптеген адам бір мезетте көлік шақырады. Мүмкіндік болса, қай уақытта қайтатыныңызды алдын ала жоспарлап қойыңыз.

Әртүрлі көлік түрлерін қатар пайдаланыңыз

Кейде жолдың бір бөлігін автобуспен немесе метромен жүріп, қалған қашықтыққа көлік шақыру тиімдірек. Әсіресе маршруттың негізгі бөлігі кептелісі көп көшелер арқылы өтсе, бұл тәсіл уақыт пен ақшаны үнемдеуге көмектесуі мүмкін.

 

Yorumlar
Diğer Haberler