Президенттің баспасөз хатшысы бес күннен соң қызметтен кетті

99
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dxIoDu805nfXpgxpMUU4vIx5PZp6OZTREK7tGDpA.jpg

Фото: TASS

Кэти Захария Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалғаннан кейін бір аптаға жетпей қызметінен кеткен, деп хабарлайды “Адырна”. 

Жергілікті БАҚ дерегінше, бұған Захарияның алғашқы баспасөз мәслихаты және оның заңгерлік біліктілігіне қатысты туындаған сұрақтар себеп болған.

Алғашқы баспасөз мәслихаты кезінде Захария журналистердің үш сұрағына жауап бергеннен кейін кездесуді аяқтаған. Кейін оның өзін адвокат ретінде таныстырғанына қарамастан, адвокаттық емтиханнан өте алмағаны белгілі болған.

АҚШ президенті Дональд Трамп журналистермен әңгімесінде Захарияға бұл қызметтің қажет-қажет еместігін қайта ойластыруды ұсынғанын айтты. Сонымен қатар ол Захарияның әкімшілікте басқа лауазымға тағайындалуы мүмкін екенін жеткізді.

Трамп бұл қызметті Захарияға өткен жұмада ұсынған. Fox News арнасының комментаторы болған Захарияның кандидатурасы Ақ үй қызметкерлерінің көпшілігі үшін күтпеген шешім болған. Алайда Захария президенттің жанында жиі жүретін көмекшісі Натали Харптың қолдауына ие болған.

The New York Times басылымының жазуынша, шешім туралы ақпаратты басылымға үш дереккөз анонимді түрде жеткізген. Олардың мәліметінше, бұл шешім әзірге ресми түрде жарияланбаған.

Бұған дейін Кэти Захарияның Ақ үйдің баспасөз хатшысы ретіндегі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізгені хабарланған еді. Сол кезде ол Дональд Трампқа сенім білдіргені үшін алғыс айтып, оның командасында жұмыс істеуді көптен бері армандағанын жеткізген.

Yorumlar
Diğer Haberler