Ыстанбұлды су алды. Жасөспірім электр тогы соғып қаза тапты

207
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wwmU8cRkV52Y8aAxDHIqMPtOLwBdvsZF43mMjiqD.png

Ыстанбұлда нөсер жаңбыр жауып, 1 жасөспірім қаза тапты. Бұл туралы Haberler басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

БАҚ мәліметінше, Балат ауданында шалшық суды кешіп өтпек болған 14 жастағы жасөспірімді электр тогы соғып, ол көз жұмған.

Ыстанбұл губернаторының басқармасы қала аумағында 1 277 су басу оқиғасы мен 15 көшкін тіркелгенін хабарлады. Су басу салдарынан 47 адам шыға алмай қалған. Сонымен қатар 13 жағдайда ағаш құлап, екі рет шатыр ұшқан.

Төтенше жағдайлар қызметіне 76 көлікке, 808 тұрғын үйге және 280 кәсіпорынға қатысты оқиғалар туралы хабарламалар түскен.

Түркияның Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар басқармасы (AFAD) жанынан дағдарыс штабы құрылған. Апат салдарын жою жұмыстарына 8 мың қызметкер мен 2 мың техника жұмылдырылған.

Билік өкілдерінің мәліметінше, жолдар ашық, ал әуежайларда рейстердің тоқтатылуы тіркелмеген.

Ал İz Gazete басылымының жазуынша, Ыстанбұл билігі 15 қазанда қаладағы барлық мемлекеттік және жекеменшік мектептерде сабақ тоқтатылатынын мәлімдеген. Бұдан бөлек, сәрсенбі кешінен бастап қосымша нұсқау берілгенге дейін мотоциклдер мен өзге де осыған ұқсас екі дөңгелекті көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынған.

Сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін мүгедектігі бар қызметкерлер, жүкті әйелдер, ардагерлер және сегіз жасқа толмаған балалары бар әйел қызметкерлер әкімшілік тәртіппен жұмыстан босатылған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, сәрсенбі күні Ыстанбұлда бір шаршы метрге шаққанда 200 миллиметрден астам жауын-шашын түскен. Билік бейсенбі күні қалада метеорологиялық қауіптің сары деңгейін жариялаған. Тұрғындар мен туристерге аса қажеттілік болмаса, үйлерінен шықпауға кеңес берілген.

Yorumlar
Diğer Haberler