Каспийде үш адам мінген қайық теңізге ағып кетіп, құтқарылды

242
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/aTbNpoCbGBMliL1uiTMO7Nb0la2uYpgUzTmghARQ.jpg

Маңғыстау облысында құтқарушылар ашық теңізге ағып кеткен үш адамды аман алып шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға 28 қыркүйек күні түнгі уақытта болған.

«Түпқараған ауданындағы Каспий теңізінің жағалауында қатты желдің салдарынан үш адам отырған үрлемелі қайық ашық теңізге ағып кеткен. Оларды іздеуге ТЖМ күштері дереу шықты. Құтқарушылар жоғалған адамдарды тауып, жағалауға жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ»,– делінген хабарламада.

Министрлік жел күшейген кезде суға шықпау қажеттігін ескертті.

Yorumlar
Diğer Haberler