Әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.
Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:
- Мұхтарұлы Олжас – 29011 әскери бөлімі взводының командирі.
Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:
- Аяпберген Сержан Талғатұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
- Бегей Дастан Нұрболұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
- Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
- Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
- Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
- Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
- Жаңабай Әсет Саматұлы – 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі);
- Көбенов Алмас Жүсіпұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
- Мәдіхан Азамат Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);
- Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
- Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі);
- Төлеген Ақылбек Қабденұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
- Тұрдыбекұлы Мирас – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы).
Айта кетсек, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен қорғаныс министрі Дәурен Қосанов босатылып, орнына генерал-майор Айдос Мырзахметов келген болатын.
Еске салайық, 24 қыркүйекте Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райының нашарлап, желдің күшеюі салдарынан 17 әскери қызметшіні теңіз ағызып әкетті. Олардың 14-і қаза тауып, үшеуі құтқарылды.
Оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Олар Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі ("Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау") және 465-бабы ("Кеме жүргізу қағидаларын бұзу") бойынша тергеліп жатыр.
Күдіктілер анықталып, Қорғаныс министрлігі жүйесінің бес лауазымды тұлғасы ұсталған болатын.
