Каспийдегі оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер марапатталды

141
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8GK36ZAZzzx3mzhb2ihAoxENaOWtyRuEVgNJyJOM.jpg

Әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:

  • Мұхтарұлы Олжас – 29011 әскери бөлімі взводының командирі.

Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:

  1. Аяпберген Сержан Талғатұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  2. Бегей Дастан Нұрболұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
  3. Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  4. Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
  5. Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  6. Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  7. Жаңабай Әсет Саматұлы – 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі);
  8. Көбенов Алмас Жүсіпұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
  9. Мәдіхан Азамат Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);
  10. Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
  11. Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі);
  12. Төлеген Ақылбек Қабденұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
  13. Тұрдыбекұлы Мирас – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы).

Айта кетсек, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен қорғаныс министрі Дәурен Қосанов босатылып, орнына генерал-майор Айдос Мырзахметов келген болатын.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райының нашарлап, желдің күшеюі салдарынан 17 әскери қызметшіні теңіз ағызып әкетті. Олардың 14-і қаза тауып, үшеуі құтқарылды.

Оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Олар Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі ("Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау") және 465-бабы ("Кеме жүргізу қағидаларын бұзу") бойынша тергеліп жатыр.

Күдіктілер анықталып, Қорғаныс министрлігі жүйесінің бес лауазымды тұлғасы ұсталған болатын.

Комментарии