Sadraddin Маңғыстаудағы қайғылы жағдайға байланысты Алматыдағы концерттерін кейінге қалдырды

152
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/GyRWF3LrQcAwzRr58BzsNCU9Qku0GlHkZcDInrfQ.webp

Қазақстандық әнші Sadraddin Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Алматыдағы концерттерін кейінге қалдырды, деп хабарлайды "Адырна". 

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі видеоүндеуінде айтты.

Бұған дейін әншінің Алматы қаласындағы Орталық стадионда концерттері 26 және 27 қыркүйекке жоспарланған болатын. Енді концерттер бір күнге шегерілді.

Осыған сәйкес, 26 қыркүйектегі концерт 27 қыркүйекке, ал 27 қыркүйектегі концерт 28 қыркүйекке ауыстырылды.

Әнші Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

«Осындай ауыр сәтте қаза тапқандардың отбасыларына құрмет білдіріп, халқыммен бірге болуды маңызды деп санаймын», – деді Sadraddin.

Сондай-ақ әнші қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Sadraddin концерттерді ұйымдастыруға үлкен шығармашылық топ пен серіктестердің бірнеше ай бойы дайындалғанын атап өтіп, концерт күндерінің ауысуына түсіністікпен қараған көрермендер мен ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Yorumlar
Diğer Haberler