Фото: © istockphoto.com
АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі бұған дейін аккредитациясынан айырған CNN, MS NOW және Politico журналистеріне Ақ үйге қайта кіруге рұқсат берді. Бұл шешім федералды соттың тиісті қаулысынан кейін қабылданды, деп хабарлайды "Адырна".
Бұған дейін Трамп аталған БАҚ өкілдерінің Ақ үй аумағына кіруін шектеп, оларды «жалған ақпарат» таратты деп айыптаған. Үш редакция бұл шешімге байланысты сотқа жүгінген.
24 қыркүйекте АҚШ федералды соты әкімшілікке CNN, MS NOW және Politico журналистерінің Ақ үйге кіру мүмкіндігін қалпына келтіруді тапсырды.
Алайда сот қаулысы шыққаннан кейін де үш БАҚ өкілі Ақ үйге кіру кезінде қиындыққа тап болды. Редакциялар сотқа қайта шағым түсіріп, журналистерді ғимаратқа кіргізуді талап етті.
Кейін журналистердің аккредитациясы қалпына келтірілді. Алдымен MS NOW тілшілері, кейін Politico және CNN журналистері Ақ үй аумағына кіріп, жұмысын қайта бастады.
Сот белгілеген мерзім аяқталуына шамамен бір сағат қалғанда, АҚШ Құпия қызметі аккредитациясын тәркілеген журналистердің Ақ үйге қайта кіруіне рұқсат берді.
Айта кетейік, CNN, MS NOW және Politico журналистеріне Ақ үйге кіруге шектеу қойылғаннан кейін президент әкімшілігі Trump TV арнасын іске қосқан.
