"Маңдай жері дөң болар". Қазақ селекционерлері млн долларға қозы сатып алды

164
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/EcB6RYogdYHVpuxFHOTP469IosS8RWHFgFGGGO8t.jpg

Қазақстандық селекционерлер Қырғызстаннан 1 миллион долларға бағаланған атақты қошқардың тұқымын сатып алды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Ол Қырғызстаннан атақты Франкель қошқарының тұқымынан шыққан қозы болған.

19 қыркүйекте Қырғызстанның Шу облысы Қызыл-Ой ауылында өткен халықаралық фестивальде Франкель қошқары қатысушылардың ерекше назарын аударған. Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстаннан фермерлер қатысты.

Фермер Ұлан Атабаев Франкельді «бағасыз қошқар» деп атады.

«Кез келген қошқардан мұндай төл тарай бермейді. Франкельдің тұқымынан шыққан қозылардың генетикалық көрсеткіштері жоғары. Тіпті кейбірі атасынан да асып түседі», – деді Ұлан Атабаев.

Франкельдің түсі де ерекше саналады. Оның жүні ашық қызыл түсті. Қошқардың денесі ұзын, сүйегі ірі, тұмсығы дөңес, ал құлағының ұзындығы шамамен 25 сантиметр. Фермердің сөзінше, Қазақстанда оның қатарластарынан мұндай сипаттарға ие қарсылас кездеспеген.

Арашан етті-майлы қой тұқымын қырғыз мамандары 1970-2021 жылдар аралығында шығарған. Ересек қошқарлардың салмағы 109-177 келіге дейін жетеді. Қазір Қырғызстан шаруашылықтарында осы тұқымға жататын 5 832 қой бар.

Фермерлер қарапайым қозыны шамамен 1 мың долларға, ал саулық қойды 5 мың долларға бағалайды.

Сонымен қатар қырғызстандық қой өсірушілер бұл тұқымды Гиннестің рекордтар кітабына енгізуге өтініш берген.

Yorumlar
Diğer Haberler