Министрлік көші-қон қызметтеріне қатысты маңызды ескерту жасады

141
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OgwWigvQy2LGlacOltXSiX80UEDUAAWiyWlk6x4C.jpg

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон рәсімдеріне қатысты алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, Көші-қон комитетіне құжаттарды ақылы түрде жеделдетуге, тестілеуден сәтті өткізуге немесе мемлекеттік қызметтерді алуға ықпал етуге уәде беретін делдалдарға қатысты өтініштер түсіп жатыр.

«Мұндай уәделерге сенбеңіздер. Бұл бағыттағы мемлекеттік қызметтер белгіленген тәртіппен көрсетіледі. Тестілеу нәтижелерін немесе құжаттарды қарау нәтижесін қандай да бір ақы үшін өзгертуге болмайды. Ең бастысы – бейтаныс делдалдарға ақша бермеңіздер және тек ресми ақпаратқа жүгініңіздер»,– делінген хабарламада.

 

 

Yorumlar
Diğer Haberler