Майамиде жүк ұшағы апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты

226
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ygso7MJVh1uNOYx0mvYFuaFxwz23Pat4QQFBu5yo.webp

Пуэрто-Рикодан Майами халықаралық әуежайына бағыт алған Amazon Air әуе компаниясының жүк ұшағы қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауды бұзып өткен. Бұл туралы BBC жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ұшақ бірнеше көлікпен соқтығысып, артынша өртенген.

«Кемінде бес адамның қаза болғанын растай аламыз», — деді Майами-Дейд округінің мэрі Даниэлла Левин Кава баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, бірнеше адам жарақат алып, жергілікті ауруханаларға жеткізілген.

Кейінірек Майами өрт сөндіру қызметінің басшысы Райед Джадаллах бес адамның зардап шеккенін, олардың үшеуінің жағдайы ауыр екенін нақтылады.

Апатқа ұшыраған Boeing ұшағы Amazon компаниясы үшін жүк тасымалын жүзеге асыратын 21 Air әуе компаниясына тиесілі болған.

Екі компания да оқиғаны растап, қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.

«Біз марқұмдардың отбасыларына, туған-туыстарына және осы ауыр қазаға байланысты зардап шеккендердің барлығына шынайы көңіл айтамыз», — делінген Amazon компаниясының өкілі Келли Нантелдің мәлімдемесінде.

Оқиғаға байланысты әуежай жұмысы уақытша шектелген. Бірқатар рейс кейінге шегеріліп, жолаушылар басқа бағыттарды іздеуге мәжбүр болған.

Қазіргі таңда апатты АҚШ-тың Көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесі мен Федералдық азаматтық авиация басқармасы тергеп жатыр.

 

Yorumlar
Diğer Haberler