Қоқиқаздарды сақтау үшін. Қорғалжынға 40 млн текше метр су жіберілді

123
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Zaw7zfU8W9AfNI5XDoZYRyCumkBcVUqogAoIhCCV.jpg

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді. Бұл туралы 7 қыркүйекте Су ресурстары және ирригация министрлігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазсушар» РМК Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің су теңгерімін сақтау және биологиялық әртүрлілікті қорғау мақсатында жыл сайын жүргізілетін табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстарын жүргізді. Осы мақсатқа 40 млн текше метр су жіберілді. Жұмыстарға кәсіпорынның үш филиалы - «Қ. Сәтбаев атындағы канал» филиалы, сондай-ақ Қарағанды және Ақмола филиалдары қатысты»,– делінген хабарламада.

Министрлік табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстары Қазақстанның барлық аумағында жыл сайын жүргізілетінін түсіндірді. Су нысандарын сақтау және жергілікті экожүйелерді қолдау үшін миллиардтаған текше метр су бағытталады.

Yorumlar
Diğer Haberler