Ресейдегі дрон "жауыны". Ozon тауарларын Қазақстандағы қоймаларына орналастырмақ

212
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gCXAPrphNfaxtxVN5xivO5USfVnlH4BWXtrthOFU.jpg

Ozon компаниясы сатушыларға тауарларын Қазақстандағы Алматы және Астана қалаларында орналасқан логистикалық нысандарына жеткізуді ұсынды. Бұл туралы Ozon Marketplace сатушыларына арналған Telegram-арнада жарияланған хабарламада айтылған.

Компанияның мәліметінше, Қазақстандағы қоймаларға орналастырылған тауарларды Ресейдегі клиенттерге жеткізуге болады. Сонымен қатар жергілікті қоймалар Ozon-ның Қазақстан мен Қырғызстандағы сатып алушыларына тапсырыстарды жылдамырақ жеткізуге мүмкіндік беріп, осы нарықтардағы сауда айналымын арттыруға ықпал етеді.

Сатушылар үшін Қазақстанда тауар сақтаудың бірнеше артықшылығы көрсетілген. Атап айтқанда, жеткізуге қатысты шектеулердің болмауы және Ресейге жіберілген тапсырыстардың бірнеше күн ішінде жеткізілуі атап өтілді.

Компания Алматы мен Астанаға тауар жөнелту кезінде қосымша құжаттарды рәсімдеудің қажеті жоқ екенін мәлімдеді. Ол үшін сатушылар әдеттегі тәртіппен жеткізуге өтінім беріп, Қазақстандағы тиісті кластерлерді таңдауы жеткілікті.

Бұл ұсыныс Ресейдегі ірі маркетплейстердің логистикалық инфрақұрылымына қатысты қиындықтар туындаған кезеңде жасалып отыр. Соңғы айларда Ozon мен Wildberries-тің Ресейдегі бірқатар қоймалары дрон шабуылдарына тап болды. Ресейдегі логистикалық нысандардағы өрттерден кейін Wildberries Қазақстан аумағынан бос қойма орындарын іздей бастаған.

Бұған дейін Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі Wildberries тарапынан елде қосымша қойма қуаттарын орналастыру жөнінде ресми өтініш түспегенін хабарлаған. Дегенмен ведомство мұндай ұсыныс ұлттық мүдделер мен қолданыстағы заңнама талаптарына сай болған жағдайда, оны қарастыруға дайын екенін мәлімдеген.

Yorumlar
Diğer Haberler