Қорғалжында «Flamingo Fest» фестивалі өтеді

99
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lfQe4NBUD7lrZqTmphGWtIi7F8s6q71ay5nT859m.jpg

Алдағы сенбі, 5 қыркүйекте Ақмола облысының Қорғалжын ауданында дәстүрлі «Flamingo Fest» мәдени-туристік фестивалі өтеді.

Фестивальдің басты мақсаты – Қорғалжынның табиғи ерекшеліктерін ұлттық мәдениет, өнер және салт-дәстүрмен ұштастыра отырып, өңірдің туристік әлеуетін таныту.

Фестивальдің символы – Қорғалжын өңірінің визиттік карточкасына айналған қызғылт қоқиқаз. Бағдарламада табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетке ерекше мән берілмек.

Фестиваль қонақтарына фольклорлық және би ұжымдарының өнері, дәстүрлі музыка, гала-концерт, этноауыл және ұлттық ойындар ұсынылады.

Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылып, суретшілер арасында «Flamingo Art» облыстық байқауы өтеді.

Экологиялық бағдарлама аясында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының биоалуантүрлілігі, оның мекендеушілері және табиғатты қорғау мәселелері бойынша танымдық іс-шаралар мен акциялар өткізіледі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, фестивальге Ақмола облысының тұрғындарымен қатар, Қазақстанның басқа өңірлерінен келген туристер мен шетелдік қонақтар да қатысады.

Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған «Flamingo Fest» фестивалін өңірдің мәдени-туристік бренді ретінде одан әрі дамыту жоспарланған. Ұйымдастырушылар шара Қорғалжынға туристер ағынын арттырып, оның табиғи және мәдени мұрасын кеңінен танытуға ықпал етеді деп күтеді.

Yorumlar
Diğer Haberler