Пышақ ұстаған әйел көшедегілерге шабуылдады

43
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/EWpkAigLIhaopkqUzTUQfV0uTUEaI3iLQ49MHVp8.jpg

Нью-Йорктегі Таймс-сквер маңында пышақпен қаруланған әйел өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасады, деп хабарлайды “Адырна”. 

Оқиға 31 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 16:30 шамасында болған.

Полиция мәліметінше, Куинс ауданында тұратын 49 жастағы әйел екі ас үй пышағымен 68 жастағы ер адамға шабуыл жасап, оның іш тұсына пышақ сұққан. Арада бірнеше секунд өткен соң ол 32 жастағы әйелді жаралаған.

Екі зардап шегуші де ауруханаға жеткізілген. Алайда 32 жастағы әйел алған жарақатынан көз жұмды. 68 жастағы ер адамның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Полиция қызметкерлері күдікті әйелді бірнеше минут бойы пышақтарын тастауға көндіруге тырысқан. Алайда ол талапқа бағынбай, тәртіп сақшыларына қарай ұмтылған. Полиция алдымен электрошокер қолданған, кейін қару қолдануға мәжбүр болған. Әйел оқиға орнында қаза тапты.

Полиция комиссары Джессика Тиштің айтуынша, күдіктінің психикалық денсаулығына қатысты полицияда бұрыннан тіркелген мәлімет болған. Атап айтқанда, 2018 және 2019 жылдары оған қатысты осындай сипаттағы оқиғалар тіркелгенімен, әйел қамауға алынбаған.

Құқық қорғау органдары бұл шабуылды террорлық акт деп санауға негіз жоқ екенін мәлімдеді.

Полицияның дерегінше, биыл Нью-Йоркте зорлық-зомбылық қылмыстарының саны айтарлықтай азайған. Алайда 31 тамыздағы оқиға Таймс-сквердегі жыл басынан бергі екінші өліммен аяқталған шабуыл болды.

Yorumlar
Diğer Haberler